Шахтинск қаласында АИТВ жұқтырып, сүйіктісін өлтіріп алған ер адам сотталды
Сурет: Zakon.kz
Сотта 2015 жылы ер адамға АИТВ жұқтырған деген диагноз қойылғанын анықталды. Оған сол кезде емдеуден жалтарып, басқаларды аталған ауруды жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны, сондай-ақ сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы ескертілген.
"Ол 2016-2023 жылдар аралығында бір бойжеткенмен бірге тұрған, бірақ оған жұқпалы ауруы барын айтпаған. Салдарынан АИТВ инфекциясын жұқтырған әйел адам қайтыс болған". ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметі
Сотталушының кінәсі сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен расталды, оған сәйкес жәбірленушінің өліміне екіншілік аурулардың дамуымен АИТВ-инфекциясы және басқа да іс материалдары себеп болған.
Сотталушы өз кінәсін мойындамады.
ҚР Қылмыстық кодекстің 118-бабының 2-бөлігінің санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Іс бойынша қылмыстық жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ.
Ауырлатылған мән-жайлар – қылмыс ауыр зардаптарға әкеп соқтырған – жәбірленушінің өлімі деп танылады.
"Сот сотталушыны Қылмыстық кодекстің 118-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары – мәжбүрлеп емдеу тағайындалды".ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметі
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.