СҚО-да ұрлап алған телефондағы мәліметтерді жария еткен ер адам сотталды

Ұялы телефон, СҚО, ұрлау, мессенджер, мәліметтерді жария ету, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2025 17:20 Сурет: pixabay
Айыртау аудандық соты ұрланған телефонның мессенджеріндегі әңгімелерді таратып, отбасы құпиясын ашты деп айыпталған ер адамды төрт жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы СҚО прокураратурасының баспасөз қызметі 2025 жылы 26 сәуірде ақпарат таратты.

"Сот оның бұған дейін танысының ұялы телефонын ұрлап әкеткенін және мессенджер арқылы  ортақ таныстары арасында  жеке өмірі туралы және отбасылық құпияны құрайтын мәліметтерді әдейі таратқанын анықтады" делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 147-бабының 4-бөлігі бойынша алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жаза көзделеді.

Бұл ретте, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда көпшілік алдында сөйлеген сөзінде осындай мәліметтерді таратқаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Бұған дейін Абай облысының прокуратурасы жылу тарифтерінің төмендеуіне қол жеткізгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: