Шымкентте балаларын ұрып-соғып, мысық етін жегізген ер адам түрмеге қамалмайтын болды

Сот үкімі, Шымкент, Сманов, алты бала асырап алған ер адам, азаптау, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2024 19:11 Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жабық сот отырысында алты баланы асырап алып, оларды азаптаған У. Смановқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс ҚР ҚК-нің 140-бабының 2-бөлігі, яғни "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" және ҚР ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің 1 ,2-тармақтары - "Азаптау" бойынша қаралды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы өтінішхат келіп түскен.

Сот-психиатриялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, У.Сманов созылмалы және психикалық аурумен ауырады және өз іс-әрекеттерін жасау кезінде ес-түссіз жағдайда болған. Бұл жағдай заң бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартуды жоққа шығарады.

Сот ҚР ҚК-нің 16-бабына сәйкес, У.Смановты қылмыстық жауаптылықтан босатып, оған мамандандырылған психиатриялық стационарда емдеуге мәжбүрлеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындады.


"Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, сондай-ақ Шымкент қалалық полиция департаментіне балаларды психикалық аурумен ауыратын адамның қамқорлығына беру фактісі бойынша жеке қаулылар шығарылды", делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: