Өз-өзіне қол көтеруді насихаттауға жол жоқ

БАҚ, суицид, тыйым, заң, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2024 21:31 Сурет: pixabay
Енді БАҚ-тарда және әлеуметтік желілерде өз-өзіне қол көтеруді насихаттауға тыйым салынады. Бұл туралы 19 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңына көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттайтын ақпаратты, өзін-өзі өлтірудің жолдары мен оған үндейтін ақпаратты таратуға және (немесе) жариялауға тыйым салынады", делінген Ақорда жариялаған заңның қысқаша мәтінінде.

Сондай-ақ БАҚ-тың өз қызметін өзі реттеу мақсатында Заңда қоғамдық-кәсіптік кеңестер құру көзделген. Кеңестер республикалық және өңірлік деңгейлерде құрылуы мүмкін. Бұл кеңестердің негізгі қызметі – Журналистердің әдеп кодексін әзірлеу.

Айта кетсек, бүгін, 19 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және оған қатысты ілеспе заңға қол қойды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: