Грекия демалуға барған Қазақстанның 13 азаматы отшашу атамын деп орманды өртеп жіберген
Кінәлілерге 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру және 200 000 евро көлемінде айыппұл төлеу жазасы қарастырылған, деп жазады Guardian газеті.
Ресми тұрғыда күдіктілер туралы ақпарат тарамады. Алайда грек бұқаралық ақпарат құралдары аралдың бір бөлігін өртеп жіберген отшашуды Қазақстаннан келген туристер атқанын жазады. Makeleio.gr басылымы "Қазақстаннан келген бір топ шал-шауқан" Грекияға келіп, ойына келгенін істегісі келген, сөйтіп Гидраны (арал атауы - шамамен) өртеп жібере жаздады" деп жазыпты. Skai.gr деген тағы бір басылым Қазақстаннан келген туристердің яхтаны жалға алуға ғана қатысы барын, қазір олардың босатылғанын жазады.
Pronews.gr сайтының мәліметінше, туристер бастапқыда өртті өз беттерінше сөндіруге тырысқан, ал қолынан ештеңе келмейтіндерін білгенде олар өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалып, оқиға орнынан ізін суытқан.
Zakon.kz редакциясы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен ресми сауал жолдады.
Сондай-ақ, 22 маусымда Помпейге барған Қазақстан азаматы вандализм күдігімен ұсталды. Ол Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйіндегі ашық түсті тас қабырғасына ALI әріптерін қашап жазған.