Жаңалықтар тізбегі
0

"ALI деп қашап жазған". Помпейге барған Қазақстан азаматы вандализм күдігімен ұсталды

Вандализм, Помпей, Италия, Қазақстан азаматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2024 12:24 Сурет: Помпей археологиялық саябағы/Италияның мәдениет министерлігі/Euronews
22 маусымда, сенбі күні таңертең қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Италияның Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйіндегі ашық түсті тас қабырғаға ALI әріптерін қашап жазып жатқан жерінен қазақстандық туристі ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туристің қылғаны туралы карабиньерлерге хабарланды және келтірілген залал бойынша бағалау жүргізілгеннен кейін одан сұрақ-жауап алынатын болады, деп жазады Euronews.

Саябақ директоры Габриэль Цухтригель туристің қабырғаны қалыпқа келтіру үшін ақы төлеуіне тура келетінін айтты.

"Жедел әрекет еткен министрлік қызметкерлері мен Алесяға рақмет. Карабиньерлермен ынтымақтаса жақсы жұмыс істеді, біз оларға алғыс айтамыз", — деді Цухтригель.

1913-1914 жылдар аралығында қазып салынған Цеев үйі - соңғы самниттік кезеңдегі (б.з. д. II ғасыр) ежелгі сирек кездесетін баспаналардың бірі. Бұл мұнда магистрат Луций Ция Секундус тұрған деседі. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: