Алматыда подъезде бұрынғы әйелін сабаған ер адам жазаланды
Сурет: Zakon.kz
Алматылық жігіт тұрғын үй подъезінде бұрынғы азаматтық некедегі әйелін сабаған. 9 шілдеде сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған бір жыл бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта сотталушының бұрын өзімен бірге тұрған әйелді подъезде бірнеше рет ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтіргені анықталды.
"Сотталушының кінәсі, сотталушының кінәсінің мойындауымен, жәбірленушінің куәлік етуімен және де істің өзге де материалдарымен дәледенді", делінген хабарламада.
- Сотталушы жасаған ісінің кінәсін мойындады және өкінді, жәбірленушіге қылмыспен денсаулығына келтірген зиянын өз еркімен өтеді.
- Жәбірленуші сотталушыны кешірді, бас бостандығынан айырмауды өтінді.
- Прокурор сотталушының бас бостандығын 1 жылға шектеуді сұрады.
Сот үкімі:
- Сот жаза тағайындау кезінде ҚК-нің 55-бабының 1-тармағының 1-бөлігінің талаптарын назарға алды. Мәселен, бас бостандығынан айыруадамды ауырлығы аз қылмыс жасағаны үшін соттаған кезде тағайындалмайды, ол бойынша бас бостандығынан айыру жазаның негізгі түрі болып табылады. Адам мүліктік залалды өз еркімен өтеген жағдайда, қылмыспен келтірілген моральдық және өзге де зиянды түзеді.
- Кінәні мойындау, жасаған ісіне өкіну,қылмыспен келтірілген зиянды өз еркімен өтеу жеңілдететін мән-жайлар деп танылды.
- Ауырлататын мән-жайлар жоқ.
- Сотталушы бұзақылық жасағаны үшін кінәлідеп танылып, оған 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript