Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларының ережелері өзгерді

Қазақстанда АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларының ережелері өзгерді , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2024 13:03 Сурет: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі
Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі бұйрығымен АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, халық пен халықтың негізгі топтары үшін профилактикалық іс-шаралар еріктілік, құпиялылық қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Халықтың негізгі топтарына инъекциялық есірткіні тұтынатындар, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер, секс жұмыскерлері, трансгендер адамдар (жасы 18 және одан жоғары) және бостандығы шектелген, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған адамдар жатады.

Халықтың негізгі топтарына медициналық және үкіметтік емес ұйымдарда орналасқан сенім пункттерінде, стационарлық сенім пункттерінде, жылжымалы сенім пункттерінде, достық кабинеттерінде емдік-профилактикалық қызметтерін ұсыну аутрич қызметкерлер мен әлеуметтік қызметкерлерді тарта отырып, АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтиды:

  • анонимдік және құпия негізде бірегей сәйкестендіру кодын беру мүмкіндігімен;
  • халықтың негізгі топтарының бір өкіліне шығыс материалдарын тегін ұсынумен (өтеусіз негізде медициналық бұйымдарды тарату: көлемі шағын "өлі" бір реттік шприцтер, спирттік майлықтар, презервативтер, лубрикант, налоксон);
  • ақпараттық-білім беру компонентімен: АИТВ инфекциясы, вирустық гепатиттер, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (бұдан әрі - ЖЖБИ) мәселелері бойынша жұқтыру қаупін төмендететін мінез-құлық нысандарына, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды АРВ-терапия, АРВ-терапияға бейілділік қажеттілігі туралы хабардар етуге қатысты шағын сессиялар, әңгімелесулер немесе ақпараттық-білім беру материалдарын тарату (бұдан әрі – ақпараттық-білім беру компоненті);
  • АИТВ инфекциясы, ЖЖБИ, вирустық гепатиттер мәселелері бойынша тестіге дейін және одан кейінгі консультация берумен;
  • АИТВ, ЖЖБИ, вирустық гепатиттерге тексеру; оның ішінде мультиплекстік экспресс тесттерді, жүктілікке арналған тестті пайдалана отырып, тексеру арқылы;
  • апиын агонистерімен алмастырушы терапияны қолдайтын байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактиканы ұсыну туралы консультация беру арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, халықтың негізгі топтарын тестілеумен қамту профилактикалық бағдарламалармен қамтудың кемінде 95%-ы болуға тиіс.

ИЕТ-ды ақпараттық-білім беру компонентін, презервативтер, шприцтер таратуды қамтитын профилактикалық көрсетілетін қызметтермен қамту бағалау санының кемінде 70%-ы немесе одан артық болуға тиіс.

Секс жұмыскерлерді ақпараттық-білім беру компонентін және презервативтер таратуды қамтитын профилактикалық көрсетілетін қызметтермен қамту бағалау санының кемінде 80%-ы немесе одан артық болуға тиіс.

ЕЖЕ-ді ақпараттық-білім беру компонентін, презервативтер, лубриканттар таратуды қамтитын профилактикалық көрсетілетін қызметтермен қамту бағалау санының кемінде 30%-ы немесе одан артық болуға тиіс.

Халықтың негізгі топтары арасындағы жұмыс индикаторлары: 1 аутрич жұмыскерге жүктеме тұрақты түрде профилактикалық бағдарламаларға жаңа адамдарды тарта отырып, 70 адамды және одан артық адамды құрайды. АИТВ инфекциясының болуына тестілеуден өткен адамдар саны – профилактикалық бағдарламаларға тартылғандар санының кемінде 95%-ы.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасындағы жұмыс индикаторлары: 1 аутрич жұмыскерге жүктеме кемінде 60 адамды құрайды және 1 әлеуметтік жұмыскерге жүктеме кемінде 30 адамды құрайды.

Стационарлық және жылжымалы сенім пункттерінің жұмыс кестесін олар орналасқан ұйымдар айқындайды, стационарлық сенім пункті эпидемиологиялық жағдай ескеріле отырып, халықтың негізгі топтарының бағалау санынан 500 және одан көп адамға бір сенім пункті есебінен ашылады.

АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың жанындағы стационарлық және жылжымалы сенім пункттерін жарақтандыру Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.

Үкіметтік емес ұйымдар арқылы мемлекеттік әлеуметтік гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастыру және іске асыру Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдар қызметінің мәселелері жөніндегі заңнамаға және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексіне сәйкес жүргізіледі, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Үкіметтік емес ұйымдар АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі қызметті АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды тестілеуден бастап емдеуге бейілділікке дейін көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ете отырып, профилактикалық бағдарламаларға негізгі топтардың өкілдерін тарту арқылы жүзеге асырады.

Байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактиканы ұсыну денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның жанындағы медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия мақұлдаған ересектер мен балаларда АИТВ инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларының ұсынымдарына сәйкес жүргізіледі. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын медициналық денсаулық сақтау ұйымдары ықтимал қажеттіліктерге сүйене отырып, экспресс тесттерді уақтылы жоспарлайды және сатып алады.

АИТВ-ға экспресс тестілеу сапасын бағалау мақсатында мониторингтік баруды АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары АИТВ-ға экспресс тесттерді пайдаланатын денсаулық сақтау ұйымдарында және үкіметтік емес ұйымдарда (жылына кемінде 50 көрсетілетін қызмет) жылына бір рет жүргізеді.

ИЕТ, СЖ, ЕЖЕ арасында АИТВ инфекциясының таралуын анықтау үшін жыл сайын биомінез-құлықтық зерттеулер жүргізіледі. Халықтың негізгі топтары арасында биомінез-құлықтық зерттеу жүргізу үшін көрсетілетін қызметтер тізбесі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.

Ал, халық арасында ақпараттық жұмыс жүргізу үшін көрсетілетін қызметтер тізбесі Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес айқындалған.

Бұйрық 2024 жылғы 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: