Қазақстан Үкіметі ТЖМ функцияларын кеңейтті
Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен Төтенше жағдайлар министрлігінің функциялары кеңейтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәселен, Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде бірнеше тармақ өзгертілді. Жаңа редакцияда министрлік:
- азаматтық қорғау органдарында байланысты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді.
Сонымен қатар ережелер келесі мазмұндағы жаңа тармақшалармен толықтырылды:
- жоғары әскери, арнаулы оқу орындарына түсуге білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекітеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квоталар шегінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білімнің білім беру бағдарламаларын қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекітеді;
- өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актінің нысанын бекітеді;
- өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеп-белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекітеді;
- бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға әкелетін өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптардың тізбесін, сондай-ақ талаптардың нақты бұзылуына қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып (қажет болған кезде) айқындайды;
- өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеп-белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдаланады;
- бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға әкелетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың тізбесін, сондай-ақ талаптардың нақты бұзылуына қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып (қажет болған кезде) айқындайды;
- мерзімдік тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарының, тексеруді тағайындау, ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы актінің, мемлекеттік органдарға қатысты азаматтық қорғаныс саласындағы тексеру нәтижелері туралы қорытынды нысанын әзірлейді және бекітеді.
Қаулы 2024 жылғы 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript