Бауыржан Сыздықов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болды

Бауыржан Сыздықов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 11:19 Сурет: primeminister.kz
ҚР үкіметінің қаулысымен Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалады.
"ҚР үкіметінің қаулысымен Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалады", - делінген үкімет хабарламасында.

Бауыржан Мәдіұлы Сыздықов 1973 жылғы 14 маусымда Шымкент облысы Бөген ауданы Задарья ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік медициналық университетін бітірген, гигиенист-эпидемиолог дәрігері, 2010 жылы Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясын бітірген, "командалық-штабтық оперативті-тактикалық азаматтық қорғаныс" мамандығы бойынша басқару саласындағы маманы, 2019 жылы Мәскеу қаласындағы "Синергия" Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетін бітірген, Құқықтану магистрі.

Еңбек өтілі:

  • 2001 мен 2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ басқармасының аға офицері.
  • 2010 мен 2012 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаментінің халық пен аумақты қорғау басқармасының бастығы.
  • 2012 мен 2014 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары.
  • 2014 пен 2015 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
  • 2015 пен 2019 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
  • 2019 жылғы қараша айынан бастап ҚР ІІМ ТЖК Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
  • 2020 жылғы желтоқсан айынан бастап ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы.

Бұған дейін Ерлан Нұрпейісовтің Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: