Семейде жоғалып кеткен 9 жасар бала іздестіріліп жатыр
Сурет: Абай облысы ПД
Семейде 2015 жылы туылған кәмелетке толмаған бала іздестіріліп жатыр. Ол 2024 жылдың 19 шілдесінде жоғалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай облысы полиция департаменті көптен жоғалған баланы табуға ат салысуды сұрайды.
Жоғалған баланың аты-жөні Маненов Әлинұр Ерланұлы, туған жылы: 2015 жылдың 26 шілдесі.
Полицияның мәліметінше, Әлинұр 2024 жылдың 19 шілдесінде сағат 12:00 шамасында Семей қаласы, Театральная көшесі, 11 үй мекен-жайынан белгісіз бағытта шығып, содан кері оралмаған.
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Белгілері: шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 135-140 см, арық денелі.
Үстіндегі киімі: қара қалпақ, қызыл футболка, күрең түсті шорты, қара және жасыл түсті кроссовка.
Егер сіз фотосуреттегі ұл баланың орналасқан жерін білсеңіз, 102 телефон арқылы хабарлауды сұраймыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript