Жаңалықтар тізбегі
0

Зиянды өндірістерде жұмыспен қамтылғандарға төлемдер: қандай өзгерістер енгізілді

Зиянды өндірістерде жұмыспен қамтылғандарға төлемдер: қандай өзгерістер енгізілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2024 13:19 Сурет: primerminister.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 18 шілдедегі бұйрықпен жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта нақтыланғандай, арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы – Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабында көзделген жағдайлар туындаған кезде, кәсіптері уәкілетті мемлекеттік органдар бекітетін өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға ақшалай төлемдер.

Жұмыс беруші Еңбекмині АЖ-дан хабарлама алғаннан кейін ай сайын төлем айының алындағы айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, төлем кезеңін көрсете отырып, кәсіптік төлемді жүзеге асыруға арналған сомаларды, оның ішінде арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы төлеуге қажеттілікке кірген алушылардың тізіміне сәйкес қажеттілік қалыптастырылған айда пайда болған сомаларды Мемлекеттік корпорацияның шотына аударады.

Мемлекеттік корпорация ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушінің шотына Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен кәсіптік төлемдердің артық есептелген (төленген) сомаларын аударады.

Сондай-ақ, бірінші ай үшін төлем Кодекстің 127-3-бабының 4-тармағында белгіленген, тиісті айда жұмыскер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан күннен кейін қалған күнтізбелік күндер санына барабар есептелген төлем мөлшеріне сүйене отырып айқындалады.

Зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек қызметін тоқтату / зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстыру туралы өтініш те жаңа редакцияда жазылды.

Бұйрық 2024 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: