Қазақстанда "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру ережелері өзгерді
Гранттар ҚР азаматтарына келесі бағыттар бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:
- "Ғылым" – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
- "Бизнес" – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
- "Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
- "Мәдениет" - Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;
- "Ақпараттық технологиялар" - жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;
Сондай-ақ, волонтерлік – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.
Конкурсқа үміткер бір бағыт бойынша 1 конкурстық өтінім береді.
Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы аудио- және (немесе) бейнетіркеуді пайдалана отырып, ашықтық және айқындық қағидаттарында өткізіледі.
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады және мыналарды қамтуы тиіс:
- нысан бойынша жобаның сипаттамасы;
- бейне (60 секундтан аспайды) немесе жобаның тұсаукесері (он слайдтан аспайды);
- шығындар сметасының жобасы;
- зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса);
- жеке куәліктің немесе туу туралы куәліктің көшірмесі.
Уәкілетті орган құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде конкурстық өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде үміткерге конкурстық өтінімді 1 (бір) реттен аспайтын мөлшерде хабарламаны үміткердің конкурстық өтінімінде көрсетілген электрондық мекенжайына жібереді.
Конкурстық өтінім хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттар сәйкес келтірілмеген кезде уәкілетті орган конкурстық өтінімді үміткерге қайтарады.
Конкурстық өтінімдерді уәкілетті орган конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде қарайды.
Уәкілетті орган конкурстық өтінімдерді қарау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның қарауына жібереді.
Бұйрық 2024 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.