Атырауда жазатайым оқиға салдарынан үш жасар бала көз жұмды

Субұрқақ, жазатайым оқиға, Атырау, үш жасар бала, қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2024 14:40 Сурет: pxhere
26 шілдеде сағат 17:50 шамасында Әйтеке би көшесіндегі субұрқақтың ішіне түскен 2021 жылы туған баланы құрылғының дөңгелек сорғысы тартып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет бүлдіршіннің көз жұмғанын нақтылады.

"Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу шаралары қолға алынды", - деді Мейірім Есдәулет.

Полиция тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етуге жатпайтынын айтты.

Бұған дейін 19 шілдеде Атырау қалалық субұрқақтарына балалар жаппай шомылып жүргені хабарланған.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: