ЖКО кезінде Еурохаттаманы қалай рәсімдеу қажет
Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мардымсыз жол-көлік оқиғалары болған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмай және соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын ресімдей алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облыстық соты мұндай жағдайда Еурохаттаманы қалай рәсімдеу керек екендігін айтты.
Еурохаттама келесі жағдайларда қолданылады:
- ЖКО-ға екі көлік құралы ғана қатысса;
- ЖКО-ға қатысушыларда қолданыстағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болса;
- ЖКО нәтижесінде ЖКО қатысушылардың көлік құралдарына ғана шығын келтірілсе(өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген зардап шегушілер болмаса, үшінші тұлғалардың мүлкі бүлінбесе);
- ЖКО-ға қатысушыларда бір тараптың кінәлі, екіншісінің зардап шегуші болуына қатысты келіспеушілік болмаса;
- келтірілген шығынның шекті сомасы 100 АЕК-ке дейін – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 369 мың теңге болса, қолданылады.
ЖКО-ны AppStore және Google Play арқылы жүктелетін "Еурохаттама" мобильдік қосымшасы арқылы ресімдеуге болады.
Сондай-ақ, ЖКО-ға қатысушылардың мобильдік нөмірлері Азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болуы тиіс.
ЖКО-ға екі қатысушы да "Еурохаттама" қосымшасын жүктеуі және ЖКО бойынша мәліметтерді толтыруы қажет.
26 шілдеде Астанада автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жаппай жол апатын тудырғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript