Елімізде еңбекке қабілеттілігін жоғалту және асыраушысынан айырылу бойынша төлем ұлғаяды

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, жәрдемақы, еңбекке қабілетінен айырылуы бойынша төленетін төлем, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 09:41 Сурет: Zakon.kz
Үкімет Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы қаулыны бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаулы мәтінінде:

"2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін", – делінген.

Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: