Елімізде білім туралы аттестаттың тағы бір түрі қолданысқа енгізілмек

Білім туралы аттестат, Қазақстан, инклюзивті білім беру жағдайы, арнайы мектептер, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2024 17:48 Сурет: unsplash
Оқу-ағарту министрлігі орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түрлеріне, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарына енгізілетін өзгерістерді дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, білім туралы құжаттардың түрлеріне жататын әрі бұрын негізгі орта білім туралы аттестат енді білім туралы аттестат деп аталатын болады. 

Министрлік аттестат инклюзивті білім беру жағдайында арнайы мектептерде, арнайы сыныптарда және жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар (зияты жеңіл және орташа зақымдалған) білім алушыларға арналғанын нақтылайды. Демек, ерекше білім беру қажеттіліктері бар (зияты жеңіл және орташа зақымдалған) білім алушылар білім туралы аттестат алады. Осы негізде "Негізгі орта" сөздері алынып тасталады.

Құжат 12 тамызға дейін ашық талқы үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: