Жаңалықтар тізбегі
0

Көшеде соққыға жығылған елордалық әйел: Полиция тергеп-тексеруді тоқтатты

Азаматтық некедегі әйел, Астана, көшеде соққыға жығу, полиция, медиация, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2024 19:49 Сурет: pexels
Полиция Астанада көшеде азаматтық әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 шілдеде  Zakon.kz редакциясына елордалық полиция департаменті бұған дейін соққыға жығу фактісіне сәйкес, "Ұрып-соғу" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу жүргізіп жатқандарын жеткізді. 

"Дегенмен ҚР ҚК-нің 68-бабына, яғни "Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату" бойынша қылмыстық теріс қылық жасаған адам егер жәбірленушімен, арызданушымен медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянды қалпына келтірсе, онда ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады", - деді полиция.

Сондай-ақ, ведомство тараптар өз құқықтарын пайдаланып, сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы өтініш жазғанын атап өтті.

"Сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы шешім қадағалаушы органмен бекітілді", – деп нақтылады полициядан.

Бұған дейін желіде Астанада көшеде көлік жанында әйелді шашынан сүйреп, басынан ұрып, тіпті оны тепкілеуге тырысқан ер адамның видеосы тараған. Содан кейін ол көлігіне мініп кетіп қалады. Кейіннен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны ер адамның азаматтық жұбайы екені белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: