Қауіпсіздік агенттігінде қанша қызметкер болуы керек: стандарттар әзірленді
Құжаттың мақсаты стационарлық объектілерді, магистральдық құбырларды, сондай-ақ теміржол және автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету кезінде олардың міндеттерін орындау үшін қажетті жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің санының нормативін белгілеу болып табылады.
Жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің адам саны нормативі:
Стационарлық объектілерді күзету кезінде:
- бір тәуліктік күзет бекетіне 4,5-тен аспайтын штат күзетшісінің бірлігі;
- он екі сағаттық бір күзет бекетіне 2,25-тен аспайтын штат күзетшісінің бірлігі;
- сегіз сағаттық бір күзет бекетіне 1,5-тен аспайтын штат күзетшісінің бірлігі;
- күзетілетін объектілерден түсетін шақыруларға қызмет көрсететін
- жеке күзет ұйымының бір тәуліктік ұтқыр тобына (жедел ден қою тобына)
- 13,5-тен аспайтын штат күзетшісінің бірлігі.
Магистралдық құбырларды күзету кезінде:
- айналма жолдарды, жер бедерінің күрделілігін, трассадан өтетін жолдың бойын, елді мекендерден алшақтығын, желілік бөлігін техникалық құралдармен қорғауды, ауданға төнетін қауіп пен криминалдық қауіп-қатерді талдауды ескере отырып, магистралдық мұнай құбырының желілік бөлігінің 40 – 80 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ;
- күзетілетін магистралдық газ құбырының желілік бөлігі трассасының 100 – 160 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ бекітіледі.
Теміржол және автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету кезінде күзетшілердің саны стационарлық объектілерді күзету үшін белгіленген нормативтер шегінде шарт талаптарымен белгіленеді.
Әзірлеушілер бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке әсер етпейді деп мәлімдейді. Қосымша қаржылық шығындар да қажет емес.
Жоба 2024 жылғы 19 тамызға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.