Шағын және орта кәсіпкерлерден мемлекеттік сатып алу шеңберінде қандай тауарлар, жұмыстар, қызметтер алынады
Сурет: freepik
Қаржы министрлігі "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін, мемлекеттік сатып алу тәртібі мен көлемін бекіту туралы" бұйрықтың жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоба "мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 27-бабының 7-тармағын іске асыру үшін әзірленді.
Тізімге мыналар кірді:
- тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу тізіліміне енгізілген тауарлар;
- құрылысқа байланысты емес жұмыстар;
- қызметтер.
Аталған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің құны 50 мың АЕК-тен (2024 жылы 184 млн 600 мың теңге) аспауға тиіс.
Тізбені 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдану жоспарлануда.
Әзірлеушілердің пікірінше, құжатты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жоба 2024 жылғы 16 тамызға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript