Миллиондаған ұрлық пен пара алғаны үшін Халықаралық жасыл технологиялар орталығының бұрынғы басшысы сотталды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон   , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 16:29 Фото: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров 7 тамызда өткен брифингте "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ бұрынғы басқарма төрағасы Олжас Ағабековке қатысты үкім жарияланғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикер үкімнің 2 тамызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланғанын айтты.


"Олжас Ағабеков "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның Дубай қаласында экологиялық іс-шараны ұйымдастыру кезінде жалпы сомасы 121,6 млн теңгеге ақша қаражатын ұрлағаны, көміртегі бірліктерін сатып алу-сату шартын тіркеуге жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 35 млн теңге мөлшерінде пара алғаны, сондай-ақ жалпы сомасы 8,2 млн теңгеге басшылық құрамға заңсыз сыйақы бергені үшін сотталды",- деп толықтырды ол.

Спикердің мәліметінше, Ағабековке мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 9 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша экология және табиғи ресурстар вице-министрі толық емес қызметтік сәйкестік түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2024 жылдың 12 ақпанында Халықаралық жасыл технологиялар орталығының басшысы Олжас Ағабеков ұсталғаны хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: