Қазақстанда 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап үш жаңа сот іске қосылады
Фото: primeminister.kz
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ҚР Жоғарғы Сотының алаңында кассациялық соттар құру мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2024 жылдың 19 тамызында ҚР Жоғарғы соты баспасөз қызметі хабарлады.
"2025 жылдың 1 шілдесінен бастап, елордада апелляциялық және қайта қараудың бірыңғай қағидалары бар үш дербес кассациялық сот жұмыс істейді...Жалпы, барлық баяндамашылар кассациялық соттардың құрылуын қолдай отырып, олардың тиімді жұмыс істеуі, судьялардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялық лауазымдарға ашық және жария түрде іріктеу қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аударды". ҚР Жоғарғы соты
Сындарлы пікірталатың қорытындысы бойынша парламентшілер мен сот корпусы бейтарап, әділ және тәуелсіз сот төрелігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды заң қоғамдастығымен одан әрі талқылауға дайын екендіктерін растады.
Айта кетейік, мәжіліс депутаттары 19 маусымды өткен пленарлық отырыста сот жүйесін реформалау және іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулерді бірінші оқылымнан-ақ мақұлдаған болатын.
Оқи отырыңыз
Қазақстанда алты шетелдік сотталды
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript