Шетелге көлігімен бара жатқан СҚО тұрғыны шекарада жайсыз хабар алды

Автокөлік, ұрланған, Ақмола облысы, Ресей Федерациясы, СҚО тұрғыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2024 18:36 Сурет: pixabay
СҚО тұрғыны жүрілген Toyota Camry автокөлігін сатып алады. Ал жақында автокөлігімен шетелге сапарлап шыққан ол шекарада темір тұлпарының сәйкестендіру нөмірі қасақана өзгертілгенін, яғни оның қолдан жасалғанын біледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, Ақмола облысында Қазақстан азаматының автокөлігінен жалған VIN-код анықталды.

"Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны жүрілген автокөлік сатып алып, көрші мемлекетке сапарлап бармақ болған кезде оның Ресей Федерациясында ұрланған көлік ретінде тіркеуде тұрғанын білді", деп хабарлайды Ақмола облысы ПД.

Ер адам аталған факт бойынша Көкшетау қалалық полиция басқармасына өтінішпен жүгінді.

"Ол осы жылдың 20 шілдесінде Щучинск қаласының тұрғыны өзіне VIN-коды өзгертілген Toyota Camry маркалы автокөлікті сатқанын хабарлады", делінген ведомство түсініктемесінде.

Аталған факті бойынша тергеушілер ҚР ҚК 386-бабының 1-бөлігі, "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: