Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда марқұм Нүкеноваға қатысты ақпарат таратқан блогердің ісі қайта қаралды

Сот үкімі, Алматы, Салтанат Нүкенова, Антон Бударов, блогер, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2024 22:17 Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 19 тамызда Алматы қалалық сотында марқұм Салтанат Нүкенова туралы жалған ақпарат таратты деп айыпталған блогерге қатысты азаматтық іс алқалық тәртіпте қайта қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Бостандық аудандық соты блогердің Instagram парақшасында С. Нукеноваға қатысты таратқан мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін, ар-намысын, қадір-қасиетін қорлайтындығын мойындап, оған жеке парақшасында жария түрде өз сөзін жоққа шығару міндетін жүктеген болатын.

Алқа жауапкердің апелляциялық шағымын негізсіз, ал соттың шешімін заңды және негізделген деп таныды.

Сотта блогер Instagram-дағы "budarov_anton" интернет парақшасы оған тиесілі екенін жоққа шығарды. Бұл дәлелдер іс материалдарымен жоққа шығарылды.

"Аталған интернет парақша А.Бударовқа тиесілі телеграмм желісімен байланысты. Сонымен қатар, YouTube әлеуметтік желісінде жауапкердің видео жариялайтын "Антон Бударов [Буданбай]" атты аккаунты бар. Әр видео жарияланым астында жауапкердің Instagram-да "budarov_anton" жеке интернет парақшасы бар екендігі айқын көрсетілген", делінген қалалық соттың хабарламасында.

Сот шешімі елдегі жоғары оқу орындарының бірінің тіл маманының қорытындысына негізделген.

"Зерттелген мәтіннің жалпы мәндік бағыты трагедиялық жағдайға тап болған Нүкенованың жеке тұлғасына тікелей қатысты. Жарияланымдар авторының коммуникативтік мақсаты мәтіннің мазмұнынан шығады. Бұл - Нүкенованың өлімімен байланысты трагедиялық оқиғаның қоғамдық резонансы арқылы өзіне пияр жасау. Міне, маманның осы және өзге қорытындыларына қарсы  жауапкер бір де бір дәлел келтіріп, наразылық білдірмеді", делінген хабарламада. 

Сондай-ақ қалалық сот мәліметіне сәйкес, талап қоюшы жауапкер А.Бударов тарапынан шындыққа сәйкес келмейтін және Нүкенованың ар-намысын, қадір-қасиетін төмендететін деректердің таралғандығын дәлелдеді. Жауапкер тарапынан таралған мәліметтердің шындыққа сәйкес келетіндігі дәлелденбеді.

"Сот коллегиясының қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылып, жауапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады", деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: