Семейде жұмыс беруші жұмысшыларды екі жыл бойы алдап келген
Сурет: primeminister.kz
Семейде "Зеленстрой Семей" ЖШС еңбек ұжымына екі жыл бойы зейнетақы мен әлеуметтік аударымдар жасамай, соның арқасында 69 млн теңге үнемдеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл заң бұзушылықты Семей қаласының прокуратурасы анықтады. Кәсіпорын қаржылық жағынан тұрақты болғанына қарамастан, жұмыс беруші өз еркімен берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдамаған.
2022 жылдан бастап осы кәсіпорында 319 млн теңгеге салық берешегі болғаны анықталды.
"Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 200-ден астам жұмысшылардың құқықтары қорғалып, бюджетке 300 млн теңге салық берешегі өндірілді", делінген қалалық прокуратура хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript