Желідегі видео: Алматыда жолды бөлісе алмаған бір жүргізуші екіншісін аяусыз соққыға жықты

Төбелес, Алматы, көлік жүргізушісі, желідегі видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2024 13:29 Сурет: видеодан алынды
Алматыда екі көлік жүргізушісі арасында болған жанжал аяусыз агрессияға ұласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы жол шетіне тоқтаған көлік жүргізушісін аяусыз ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады.

Оқыс оқиға 24 тамыз, сенбі күні Әуезов ауданының аумағында болды.

Видеодан жүргізушілердің бірі көлігінен секіріп түсіп, екінші бір жүргізушіге шабуылдап, аяғымен де қолымен де соққылар жасағанын көруге болады.


"Ұрып-соғу фактісі бойынша Әуезов ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Дене жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: