Жаңалықтар тізбегі
0

Банктер мен МҚҰ қазақстандықтардың биометриясын қалай жүргізеді

Банктер мен МҚҰ қазақстандықтардың биометриясын қалай жүргізеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2024 11:06 Сурет: freepik
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылғы 16 тамыздағы қаулысымен банктердің, банк қызметтерінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржы ұйымдарының биометриялық сәйкестендіруді жүргізу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биометриялық сәйкестендіру сәйкестендірілетін тұлғаның бейнесі бойынша жүргізіледі.

Идентификаттау өткізілетін адамның бет бейнесі бойынша биометриялық идентификаттау процесі келесі кезеңдерден тұрады:

  • идентификаттау өткізілетін адамның ағымдағы шынайы бейнесін алу;
  • идентификаттау өткізілетін адамның идентификаттау деректерін алу;
  • идентификаттау өткізілетін адамның эталондық бейнесін алу;
  • идентификаттау өткізілетін адамның ағымдағы және эталондық бейнесін салыстырып тексеру;

01.01.2025 бастап идентификаттау өткізілетін адамның ағымдағы бейнесін және идентификаттау деректерін алуды биометриялық идентификаттау провайдері мобильдік құрылғыдағы немесе компьютердегі бағдарламалық қамтылым арқылы жүзеге асырады. Бұл ретте бағдарламалық қамтылымда кем дегенде мынадай қорғау шаралары іске асырылады: өзінің тұтастығын бақылау, эмуляцияланатын ортада іске қосуды тексеру, құрылғының немесе компьютердің кіріктірілген камерасын ауыстырудан қорғау.

Идентификаттау өткізілетін адамның ағымдағы бейнесін ауыстыруды болдырмау мақсатында идентификаттау өткізілетін адамның ағымдағы шынайы бейнесін алған кезде бейненің дұрыстығын тексеру рәсімі жүзеге асырылады, онда идентификаттау өткізілетін адамға кадрда визуалды өзгерістер жасауға бағытталған кемінде үш сигналды және (немесе) командаларды жіберу, одан кейін онда бағытталған сигналдар мен командаларға сәйкессіздіктерді анықтау үшін бейне ағынын талдау қамтылады.

Бағытталған сигналдардың және (немесе) командалардың кез келгеніне сәйкес келмеуі бейненің дұрыстығын тексеру рәсімінің қайталануына әкеледі. Үш рет сәтсіз қайталау бейненің шынайылығын тексерудің теріс нәтижесін білдіреді.

Бейненің шынайылығын тексеру нәтижелері бойынша тексерудің сәтті болуына қарамастан, биометриялық деректерді тексеру жүйесінде кем дегенде мыналарды қамтитын электрондық құжат жасалады:

  • бейненің шынайылығын тексеру нәтижесі;
  • идентификаттау деректері;
  • жүйе таңдаған сигналдардың және (немесе) командалардың тізбесі, сигналдарға және (немесе) бейне командаларына сәйкес келетін жиынтық;
  • тапсырыс берушінің биометриялық идентификаттауға деректемелері;
  • бейненің шынайылығына тексеру жүргізу күні мен уақыты.

Биометриялық деректерді салыстыру жүйесімен идентификаттау өткізілген адамның эталондық бейнесін алу бейнелердің мемлекеттік дерекқорынан немесе биометриялық идентификаттау провайдерінің бірдейлендірілген бейнелер дерекқорынан жүзеге асырылады.

Биометриялық деректерді салыстыру жүйесінің идентификаттау өткізілетін адамның ағымдағы бейнесін идентификаттау өткізілетін адамның эталондық бейнесімен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бейнелерді салыстыру нәтижесін қалыптастыру тәртібін биометриялық сәйкестендіру провайдері анықтайды.

Биометриялық деректерді салыстыру нәтижелері бойынша электрондық құжат:

  • бейнелерді салыстыруды жүзеге асырған биометриялық идентификаттау провайдерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады;
  • осындай дерекқор болған кезде бейнелерді салыстыруды жүзеге асырған биометриялық идентификаттау провайдерінің бірдейлендірілген бейнелерінің дерекқорында сақталады;
  • биометриялық идентификаттауға тапсырыс берушіде сақталады.

Конфиденциалдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ берілетін деректердің ауыстырылуын болдырмау мақсатында биометриялық идентификаттау провайдерінің немесе биометриялық идентификаттауға тапсырыс берушінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымынан тыс биометриялық идентификаттау процесі шеңберінде пайдаланылатын байланыс арналарын шифрлау қамтамасыз етіледі.

Бейненің шынайылығын тексеру нәтижелері, бейнелерді салыстыру нәтижелері, сондай-ақ осы Қағидалардың 4-тармағына айқындалған өлшемшарттар негізінде биометриялық идентификаттауға Тапсырыс беруші биометриялық идентификаттаудың сәтті өткені туралы шешім қабылдайды.

Бейненің шынайылығын тексеру нәтижелерін, бейнелерді салыстыру нәтижелерін және биометриялық идентификаттаудың сәтті өткені туралы қорытынды шешімді сақтауды биометриялық идентификаттауға тапсырыс беруші оның шеңберінде биометриялық идентификаттау жүзеге асырылған қаржылық қызметке қойылатын құжаттарды сақтауға қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

Қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жекелеген нормаларды қоспағанда, 2024 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: