Алматы облысында Алатау қаласының құрамына кіретін Қонаевтың және облыстың екі ауданының жер бөлігі қысқарды

Конаев, виды города Конаев, весна в Конаеве, весной в Конаеве, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2024 11:40 Фото: Zakon.kz
Әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" шешімі дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес Жетіген ауылдық округінің шекарасы (шегі), оның шегіне жалпы ауданы 88000 гектар Қонаев қаласының, Іле және Талғар аудандарының кейбір жерлерін қоса отырып, белгіленсін",- делінген құжатта.

Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылдық округінің шекарасына қосылатын жерлер бөлігінің экспликациясы:

  • Қонаев қаласы — 10962;
  • Іле ауданы — 64985;
  • Талғар ауданы — 12053.

Бұл ретте Алматы облыстық мәслихатының бірлескен шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 9 тамыздағы "Алматы облысы Алатау қаласының шекараларын (шегін) белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылады. Осы құжатқа сәйкес Алатау қаласының шегіне жалпы ауданы 88267,0086 га Қонаев қаласы, Іле және Талғар аудандары жерлерінің бөліктері енгізілді.

Құжат 11 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: