Балық шаруашылығы су айдындары инвесторларға бекітіледі: ережелер бекітілді
Осы Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және учаскелерін бекітіп беру қағидалары балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібін айқындайды.
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) резервтік қордың халықаралық және республикалық маңызы бар учаскелері бекітіліп беріледі, олар жергілікті атқарушы органдардың бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау негізінде тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін перспективалық деп танылады.
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында инвестордың өтінімі бойынша және осы бұйрықтың талаптарына сәйкес келген жағдайда беріледі.
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібі
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру саласындағы уәкілетті орган ведомствосы қалыптастырады және ол тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен келісіледі.
Тізбеге балық шаруашылығының су айдындары және (немесе) балық өсіруге мүмкіндік беретін торларды орнатуға терең жерлері бар және түбіндегі шөгінділері жеңіл лайланбайтын учаскелер енгізіледі.
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі уәкілетті орган ведомствосының ресми интернет-ресурсында жыл сайын тиісті жылдың 1 ақпанынан кешіктірілмей жарияланады.
Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері тізбеге енгізілген күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа шығарылмайды.
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беруге өтінімдердің келіп түсуіне қарай уәкілетті органның ведомствосы тізбеге енгізілген балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің мәртебелерін өзектендіруді жүргізеді.
Тізбеге енгізілген балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің мәртебелері:
- "бос";
- "инвестордан белсенді өтінім бар";
- "инвесторға бекітіліп берілді" деп бөлінеді.
"Инвестордан белсенді өтінім бар" мәртебесі болғанда балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне өтінімдер уәкілетті органның ведомствосы ағымдағы өтінім бойынша шешім қабылдағанға дейін қабылданбайды.
Инвесторға қалай өтініш беруге болады
Инвестор балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беруге арналған өтінімді уәкілетті органның ведомствосына жібереді.
Өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:
- балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаның бизнес-жоспары (бұдан әрі – бизнес-жоспар);
- балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаның жұмыс бағдарламасы;
- құрылтай құжаттарының көшірмесі;
- инвестордың шотында белгіленген мөлшерден кем емес көлемде ақша қаражатының болуы және (немесе) қалдығы туралы банктен және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан анықтама;
- инвестордың салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
- қайта өңдеу қуаттарын енгізуді және (немесе) қолданыстағы өндірістерді кеңейтуді және жаңартуды қоса алғанда, жаңа өндірістік объектілер салу туралы инвестордың кепілдік хаты.
Инвестор келесі біліктілік талаптарына сай болуы керек:
- ҚР заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, алынған құжаттарды қарау күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі болмауы тиіс;
- шотта кемінде 150 000 АЕК мөлшерінде ақшалай қаражаттың болуы;
- "жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңның 37-бабы 2-1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда (бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітілген Жеке және заңды тұлғалар үшін) балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттарды тоқтату фактілері болмауы тиіс.
Инвестор құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның ведомствосы инвестициялық комиссияға балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды қарауға және айқындауға береді.
Инвестициялық комиссия
Инвестициялық комиссия уәкілетті орган ведомствосының шешімі бойынша құрылады.
Инвестициялық комиссияның құрамына мыналардың өкілдері енгізіледі:
- уәкілетті органның ведомствосы (басшының орынбасарынан төмен емес, комиссия төрағасы);
- уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (басшыдан төмен емес);
- облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы (балық шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес);
- «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
- ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар;
- балықшылардың қоғамдық бірлестіктері мен балық шаруашылығы субъектілерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтары;
- су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар (басшының орынбасарынан төмен емес).
Инвестициялық комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде жеті адамнан тұрады, тақ санды құрайды.
Инвестициялық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер дауыс беруге инвестициялық комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 бөлігі қатысса және оған инвестициялық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданған болып табылады.
Шешім қабылдау кезінде дауыстардың саны бірдей болған кезде шешуші дауыс инвестициялық комиссияның төрағасы дауыс берген нұсқамен айқындалады.
Инвестициялық комиссия өтінімді және қоса берілген құжаттарды 15 жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.