Әуежайда құсып қойған павлодарлық айыппұл арқалай жаздады
Іс материалдарына сәйкес, Атырау – Астана рейсінің жолаушысы әуежайға ұшып келгеннен кейін №2 терминал маңында құсып қойған. Желілік полиция бөлімінің инспекторы ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі, яғни "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғады.
Сот отырысында павлодарлық өз кінәсін мойындамады. Ол бір тәулік бойы пойызбен Астраханнан Атырауға қатынағанын, вагон өте ыстық болғанын айтты. Одан соң Атыраудан бірден Астанаға ұшып шыққан, ал ұшақ қонғаннан кейін ол өзін нашар сезінеді. Ол әуежайдан шеткері шығуға тырысқанын, бірақ өзін ұстай алмай, сол маңда құсқанын айтты. Содан кейін ер адам темекі шеккен.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оған медициналық көмек ұсынбаған, керісінше заң бұзушылықты рәсімдеуге кіріскен. Сонымен қатар жолаушы өзіне рұқсат етілмеген жерде темекі шеккені үшін айыппұл салғалы жатыр деп ойлаған, ол мұнымен келісіп, айыппұлды да төледі. Бірақ Павлодарға оралғанда өзінің ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылғанын бір-ақ білген. Павлодарлық өз кінәсін мойындамады және өзін нашар сезінгенін, бұл арада қасақана әрекет етпегенін айтты.
"ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі, "Ұсақ бұзақылық" бойынша қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығы бұзу, жеке тұлғаларды қорлау, ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдалану орындарын, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті бүлдіру және басқаларға құрметсіздік танытатын әрекеттерге қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделген . Ал қаралып отырған бұл жағдайда лауазымды адамның жолаушыға қатысты саналы құқық бұзушылық белгілерінің ешқайсысын анықтамаған", делінген Павлодар қаласы әкімшілік сотының хабарламасында.
Сонымен қатар, куәлік етілмеген, жолаушының адамдарға құрмет көрсетпегені немесе қасақана бұзақылық жасағаны дәлелденбеген. Осыған байланысты сот ер адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді тоқтатты.
Қаулы өз күшіне енген жоқ және оған қарсы шағымдануға болады.