Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда жүкті әйелді өлтіруге оқталды деген айыппен жасөспірім тоғыз жылға сотталды

Сот үкімі, Павлодар, жасөспірім, жүкті әйелді өлтіру, оқталу, психотропты заттарды сақтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2024 19:50 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында жүкті әйелді өлтіруге оқталғаны және психотропты затты сақтағаны үшін жасөспірім бала тоғыз жылға сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында психотроптық заттың аналогын сақтау және  жүктi әйелдi өлтіруге (жеңгесін) оқталу фактісі бойынша кәмелетке толмаған жасқа (қайнысына) қатысты қылмыстық іс қаралды. Істің мән-жайы жария етуге жатпайтын болғандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды.

Сотта прокурор Д-ны кінәлі деп танып, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша 9 жыл 5 күнге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші өкілдері мемлекеттік айыптаушыны толық қолдап, осы баптар бойынша ең жоғары жаза тағайындауды, 15 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеу туралы талапты толық қанағаттандыруды сұрады.

Сотталушы психотроптық зат сақтағанын толық мойындады, алайда жүкті әйелді өлтіруге оқталғанын мойындамады, бұл ретте ол соттан өзін ақтауды сұрады. 15 миллион теңге моральдық шығынды өтеу туралы талап қоюды мойындамады.

"Сот Д-ның кінәсі жәбірленушінің, сарапшылардың, куәлардың айғақтарымен, іс бойынша жүргізілген сараптамалармен дәлелденді. Сот іс бойынша жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды (кінәні ішінара мойындауын, соттылығының болмауын, кәмелетке толмауын, оң мінезделуін) және қылмыс жасауды ауырлататын мән-жайды – қылмысты есірткіден масаң күйде жасауын ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша, жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеумен 9 жыл 5 күнге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", делінген сот хабарламасында.

Жәбірленуші К.-ның талап қоюы ішінара 7 000 000 теңге сомасында сотталушының заңды өкілінен өндірілумен қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: