Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында тыйым салынған діни кітапты үйінде сақтаған ауыл тұрғыны жазаға тартылды

Тыйым салынған діни кітап, сақтау, Жамбыл облысы, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2024 12:31 Сурет: Жамбыл облыстық соты
Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов аудандық соты ауыл тұрғынына қатысты тыйым салынған әдебиеттерді заңсыз сақтау фактісі бойынша әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2024 жылдың сәуірінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жедел іс-шаралар жүргізу барысында 41 жастағы ер адамның үйінде діни кітапты заңсыз сақтау фактісі анықталды. Сот шешімімен бұл кітап Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға және таратуға тыйым салынған", делінген сот хабарламасында.

Құқық бұзушының іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, үйінен табылған кітапты сақтағанын және оның тыйым салынған кітап екенін білгенін растады.


"Сот ер адамды ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы, 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 258 мың теңге мөлшерінде айыппұл салды. Қаулы күшіне енген соң кітап жойылуға жатады.Қаулы заңды күшіне енді".Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: