Ақтауда қарнына пышақ қадалған ер адам терезеден секіріп кетті

14 қыркүйекте әлеуметтік желіде өз-өзін пышақпен жарақаттап, терезеден секірген ер адамның видеосы тарады. Құлаған ер адам мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеода ол: "Бұл қылмысты мен жасаған жоқпын", - дейді.
Zakon.kz редакциясы аталған қайғылы оқиғаға қатысты сауалмен Маңғыстау облысының полиция департаментіне жүгінді.
"Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция тергеу амалдарын қолға алды. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда", - деді ведомстводан.
Бұған дейін Щучье қаласында 12 жасар қыз бесінші қабаттан құлағанын хабарлаған болатынбыз. Жасөспірім қыз қазір ауруханада жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript