Жаңалықтар тізбегі
0

"Жанжалды мінез-құлық": Астаналық әйел өзін емдеуден бас тартқан медициналық орталықты сотқа берді

Пустая палата, больница, лечение, медицинские приборы , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2024 12:10 Фото: primeminister.kz
ҚР Жоғарғы соты бүгін, 18 қыркүйекте елордалық тұрғынның медициналық мекеменің шартты біржақты бұзуына байланысты берген арызын қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Астананың мүмкіндігі шектеулі тұрғыны (I топтағы) 2013 жылдан амбулаторлық гемодиализ алады, 2016 жылдан бері есепте тұрады.

"2022 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында Амбулаторлық гемодиализ орталығымен қызмет көрсетуге шарт жасасқан. Бір жыл емделгеннен кейін Орталық емделушіге оның медицина қызметкерлеріне қатысты келеңсіз мінез-құлқын алға тартып, шартты біржақты бұзу туралы хабарлама жіберген. Емделуші Орталықтың оны кепілдендірілген медициналық көмексіз қалдырғанын көрсетіп, шартты бұзуды заңсыз деп тану және моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген. Осындай келеңсіздіктің салдарынан ол сол түні гемодиализ алу үшін Алматыға ұшып баруға мәжбүр болған",- делінген хабарламада.

Орталық өз жауабында емделушінің медицина қызметкерлерін балағаттауы және әлеуметтік желілерде Орталықтың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратуы бойынша құқық қорғау органдарына шағым түсіргенін атап өткен.

Шарт талаптарына сәйкес, медициналық мекеме медициналық қызметкерлермен жанжал мен төзімсіз мінез-құлық туындаған жағдайда емделушіні шығаруға құқылы.

Сот істі қарап, мынаны атап көрсетті:

  • Орталық таратылған, тараптардың жазбаша келісімі бойынша емделуші қайтыс болған, Орталықтың медициналық қызметті жүзеге асыру құқығынан айырылған және емделушінің сауығуы жағдайында шартты бұзу заңды болып саналады;
  • емделушінің дұрыс емес мінез-құлқына байланысты шартты мәжбүрлеп бұзу шарттары оның кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында емделу құқығын шектейді;
  • талап қоюшының Орталықта болу ережелерін өрескел бұзу фактісі сотта расталмаған.
"Жалған ақпарат таратудың бұл дауға қатысы жоқ. Осындай жағдайда сот Орталықтың шартты бұзу жөніндегі әрекеттерін заңсыз деп танып, талап қоюшының пайдасына 50 мың теңге моральдық шығынды өтеу туралы шешім шығарды".ҚР Жоғарғы соты

Бұған дейін көмек сұрап, кейін мерт болған әйелдің қоңырауын жауапсыз қалдырған ТЖД қызметкері сотталғаны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: