Түркістан облысы ҰҚК департаменті қызметіне жаңа міндеттемелер енгізіледі
Фото: Zakon.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті "ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы" ережеге өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже жаңа функциялармен толықтырылды:
- Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне арнаулы тексеру жүргізу;
- Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті негізде штаттан тыс жедел қызметкерлер ретінде тарту;
- жарияланған ескертулердің есебін жүргізу;
- Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;
- Департаментте кадрлық құрамды патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбиелеуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты жүзеге асыру;
- Департаментте жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру жəне атқару;
- Департаментте жауынгерлік қызметті ұйымдастыру және атқару;
- Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен ҰҚК Төрағасының актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Сонымен қатар, жаңа редакцияда келесі функциялар көрсетілген:
- Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;
- мемлекеттік қызметке алғаш рет немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейiн оған қайта кіретін, сондай-ақ судья, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторы лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, шекте және тәртіппен міндетті арнаулы тексеру жүргізу;
- Департаментте жедел-қызметтік жұмысын психологиялық-әлеуметтанушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
Құжат 7 қазанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript