Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай платформасы: 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс ережесі бекітілді

Госзакупки, государственные закупки, государственный бюджет, Казахстан, деньги , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2024 11:48 Фото: Zakon.kz
Қаржы министрі 2024 жылғы 16 қыркүйектегі бұйрықпен бірыңғай сатып алу платформасын пайдалану қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ережелерге келесі ұғымдар енгізілді:

  • бірыңғай сатып алу платформасы (веб-портал) – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі, ол мемлекеттiк сатып алудың және "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынады;
  • веб-порталға қатысушы – веб-порталда тіркеуден өткен тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы және Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңға сәйкес жүзеге асырылатын ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші; өнім беруші;
  • веб-порталды пайдаланушы – веб-порталға қатысушының лауазымды адамы немесе веб-порталға қатысушының өкілі;
  • жария оферта – ұсыныс жасаған тұлғаның ұсыныста көрсетілген шарттарда кез келген адаммен шарт жасасу еркі қаралатын шарттың барлық елеулі талаптарын қамтитын веб-порталын пайдалану бойынша шарт жасасу туралы ұсыныс;
  • Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы — трансшекаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның және Қазақстан Республикасының аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйе;
  • құжаттың электрондық көшірмесі – төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
  • мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын заңды тұлға;
  • мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi орган – мемлекеттiк сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
  • квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін электрондық сатып алу ақпараттық жүйелерінің операторлары – Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңның 2-бабы 26) тармақшасына сәйкес айқындалған заңды тұлғалар;
  • электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
  • электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
  • электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті – кез келген тұлғаға қолжетімді және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі;
  • электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі.

Веб-порталда жұмыс істеу және (немесе) Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңға сәйкес жүзеге асырылатын сатып алу мен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін пайдаланушылар мынадай іс-қимылдардың жиынтығын жасайды:

  • электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын (ашық және жабық кілт) пайдалану мүмкіндігі үшін аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатады;
  • электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын (ашық және жабық кілт) алады;
  • веб-порталда тіркеу рәсімдерінен өтеді. 

Веб-порталда Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің куәландырушы орталықтары жеке және заңды тұлғалар үшін шығарған, ҚР СҮТ растаған электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттары қолданылады. 

Сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты ұсынылатын құжаттар мен мәліметтерді веб-портал пайдаланушысы электрондық құжаттар немесе құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде орналастырады және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.

Веб-порталда барлық электрондық құжаттар мен құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау, алу және жіберу уақыты Астана қаласының жергілікті уақыты бойынша тіркеледі.

Жүйеге жүктелетін файлдардың немесе файл архивтерінің мөлшері 20 мегабайттан асқан жағдайда оларды жүйеге әрқайсысының мөлшері 20 мегабайттан аспайтын бөліктермен жүктеу қажет.

Пайдаланушыларға жарияланған мемлекеттік сатып алуларды және Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алулар бойынша мәліметтерді қарау үшін көрсетілетін қызметтер веб-порталды пайдалану (қол жеткізу) бойынша ақы алынбай жүзеге асырылады. 

Пайдаланушыларға мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін веб-порталды пайдалану (қол жеткізу) бойынша қызметтерді мынадай тұлғаларды қоспағанда, жария оферта және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде (Заңға сәйкес тапсырыс берушілер мен өнім берушілер бір мезгілде айқындаған заңды тұлғалар үшін) ақылы негізде бірыңғай оператор көрсетеді: 

  • Заңның 16-бабы 3-тармағының 39) тармақшасына сәйкес шарттар жасаған жағдайда Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері;
  • мемлекеттік мекемелер;
  • бірыңғай оператор. 

Пайдаланушыларға Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңға сәйкес жүзеге асырылатын сатып алуға қатысу үшін веб-порталды пайдалану (қол жеткізу) бойынша қызметтерді операторлар жария оферта және (немесе) сатып алу туралы шарт негізінде ақылы негізде (Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы заңға сәйкес тапсырыс берушілер мен өнім берушілер бір мезгілде айқындаған заңды тұлғалар үшін) көрсетеді.

Бірыңғай оператор мен операторлар веб-порталды пайдалану (қол жеткізу) бойынша көрсетілетін қызметтер шеңберінде мынадай функционалдығын ұсынады:

  • Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы заңға сәйкес жүзеге асырылатын сатып алуға және мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім беру;
  • бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы келісім беру;
  • баға ұсынысын ұсыну; 
  • Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңға сәйкес жасалатын сатып алу туралы шартты және мемлекеттік сатып алу туралы шартты келісу және оған қол қою. 

Бірыңғай оператор мен операторлар веб-порталды пайдалану (қол жеткізу) бойынша қызметтерді толық және тиісті төлем жасалған сәтке дейін тоқтата тұрады. 

Бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: