Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде 89 жастағы батыр ана, тыл ардагері 14 жыл бойы мемлекеттен баспана ала алмай келеді

Пожилые люди, пенсионеры, пенсия, пенсионный возраст , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2024 11:55 Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде сот он баланың анасы, 1974 жылы "Батыр ана" құрметті атағын алған, 2009 жылы "Тыл ардагері" мәртебесі берілген, яғни Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар қатарына жататын зейнеткердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, 2010 жылы талап қоюшы жасына қарай зейнетке шыққан зейнеткерлер санаты және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаждар тізіміне енгізілді.

Зейнеткер мемлекеттік органға арыз жолдап, өз кезектілігін "Батыр ана" санатына ауыстыруды сұраған. Жауапкер "Батыр ана" санатына ауыстыруға негіз жоқ және бұл санатқа тіркелетін болса, кезектілік нөмері қайта басталады деген уәждер келтіріп, арызын қанағаттандырусыз қалдырған.

Құқықтарын қорғау үшін батыр ана Ақтөбе облысының МАӘ сотына жүгінді.

Сотпен анықталғандай, талап қоюшыны есепке қою кезінде 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы редакциясы қолданыста болған. Яғни, сол кездегі тұрғын үй заңнамасына сәйкес, "Батыр ана" санаты халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары қатарында болмаған, олардың бөлек тізімі жүргізілмеген.

Алайда, 2019 жылда аталған Заңға өзгертулер енгілізіліп, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған тұлғалар тұрғын жаймен бірінші кезекте қамтамасыз етілетіні көзделген.

Осыған байланысты, мемлекеттік орган осы кезеңнен бастап жалпы тізімнен өз алдына арнайы тізім қалыптастыру керек еді.

"Сот белсенді рөлін пайдалана отырып, 2011-2023 жылдар аралығында кезек нөмірін жылжу динамикасын зерделеп, тізімнің тиісті түрде рәсімделмейтінін, ретсіз және сауатсыз жүргізіліп отырғанын анықтады. Салдарынан, талап қоюшы 89 жастағы аз қамтылған зейнеткер, батыр ана және тыл ардагері бола тұра, 14 жылдан бері мемлекет тарапынан үймен қамтамасыз етілмеген. Сот зейнеткердің құқықтарын қорғап, мемлекеттік органды талап қоюшыны "Батыр ана" ретінде мемлекеттік тұрғын үйді алуға бірінші кезектілік тізіміне ауыстыруды міндеттеді. Сот шешімі заңды күшіне енді және орындалды".Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Ақтөбеде адамның ішкі ағзаларын заңсыз сату әрекеті анықталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: