Екібастұзда төбелескен екі студент ауруханадан бір-ақ шықты

Төбелес, Павлодар облысы, Екібастұз, колледж, студенттер, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2024 21:20 Сурет: unsplash
29 қыркүйекте Екібастұз қаласында кәмелетке толмаған екі бала төбелесті. Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, төбелес №21 мектептің маңында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Колледж студенттері Екібастұз қаласының ауруханасына түрлі дене жарақаттармен жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын қолға алды", деп Pavlodarnews.kz облыстық білім беру басқармасының түсініктемесін келтіреді. 

Екі кәмелетке толмағанның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті.

Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: