Павлодар облысында қосымша көмегімен такси болып жүрген азамат жазаға тартылды
Сурет: pexels
Арнайы рұқсат беру құжатынсыз такси болып жұмыс істеген Ақсу қаласы тұрғының ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Такси" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Ақсу қаласының Камзин көшесінде полицейлер 45 жастағы жергілікті тұрғын тізгіндеген Toyota Camry маркалы автокөлік тоқтатылды.
"Тәртіп сақшылары құжаттарды тексерген кезде оның тиісті рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны анықталды. Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асырғаны үшін ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, материал сотқа жіберілді", - дейді Ақсу қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Айдар Сламбеков.
Мұндай жағдайда қылмыстық жаза қарастырылмаған, жеке тұлғаға 15 АЕК (55 380 теңге) көлемінде айыппұл салу қарастырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript