Еліміздегі балабақшалар мен мектептерге қойылатын санитарлық талаптар өзгерді
Жаңа ережеге сәйкес, жобалау кезінде МДҰ-ның жас ерекшелігіне байланысты топтық үй-жайларының құрамына киім шешетін бөлме, ойын, жатын бөлмесі, буфет-тарату орны, дәретхана кіреді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың жас ерекшелігіне байланысты топтық үй-жайлары мен олардың аудандары мынадай параметрлерге сәйкес болуы тиіс:
- Киініп-шешінетін орын — 1 балаға кемiнде 0,7 м2 есебінен,
- ойын бөлмесi — бөбектер мен мектеп жасына дейінгі топтар үшін 1 балаға кемiнде 2,0 м2 есебінен,
- буфет-тарату орны — кемiнде 3,8 м2,
- жатын бөлмесі — бөбектер мен мектеп жасына дейінгі топтар үшін 1 балаға кемiнде 1,8 м2 есебінен,
- типтік МДҰ үшін дәретхана бөлмесі:
- мектеп жасына дейінгі топтар үшін — кемiнде 16 м2
- бөбектер жасындағы — кемiнде 12 м2
- бейімделген ғимараттарда орналасқан МДҰ-ға арналған дәретхана бөлмесі, оның ішінде сыйымдылығы 3 топқа дейінгі МДҰ-ға — кемiнде 8 м2
Бұл ретте бұрын қолданыста болған құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттар бойынша жобаланған және қолданысқа енгізілген объектілер ерекшелік болып табылады.
МДҰ-ды жобалау кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қозғалатын төсектерді орналастыру үшін қосымша орынның болуы ескере отырып, топтық (ойын) бөлмені жатын бөлмесімен біріктіруге жол беріледі.Балалар толық уақыт болмайтын МДҰ және мектепке дейінгі шағын орталықтарда жалпы киім шешетін орынды орнатуға жол беріледі.
Үш топқа дейінгі сыйымдылығы бар мектепке дейінгі ұйымдарда ауданы кемінде 8 ш.м. балалардың есептік саны 30-дан аспайтын МДҰ-дағы бір дәретханаға рұқсат етілетіні нақтыланды.
"Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
- үздіксіз инсоляцияның 3 сағаттық ұзақтығы мектепке дейінгі ұйымдардың ойын және топтық бөлмелерінде, мектеп-интернаттардың жатын үй-жайларында, тұрғын ғимараттардың балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарының ойын құрылғылары, мектепке дейінгі ұйымдардың топтық алаңдары, спорт аймағы, жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттардың демалыс аймақтары аумақтарында қамтамасыз етіледі.
Спорт аймағының, жалпы білім беретін мектептердің және мектеп-интернаттардың демалыс аймағының 50 % алаңында 2,5 сағат үздіксіз инсоляцияға жол беріледі.
Мектепке дейінгі, жалпы білім беретін ұйымдардың және мектеп-интернаттардың оқу үй-жайларында инсоляцияның ұзақтығы үзіліссіз, мынаны:
- солтүстік аймақта 2,0 сағат (солтүстік ендікте 48° солтүстікте) және одан артықты;
- оңтүстік аймақта 1,5 сағат (солтүстік ендікте 48° оңтүстікте) және одан артықты құрайды.
Жалпы білім беретін ұйымдарда көрсетілген инсоляция орта және жоғары сыныптардың оқу үй-жайларының 60 пайызына үшін қабылданады.
Сонымен қатар, жаңа ережеде жабық бассейндердің негізгі бөлмелерінің микроклиматының параметрлерін және судың температурасы өзгертілді.
Бұйрық 2024 жылғы 26 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.