Семейде қыз баланы құтқарамын деп пышақ жарақатын алған полицей жол апатына ұшырап, қаза тапты

Полицей, Асхат Ахатов, Омбы-Майқапшағай, жол апаты, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2024 09:32 Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
2024 жылы 18 қазанда Омбы – Майқапшағай тас жолында үш көліктің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан үш азамат, оның ішінде Семей қаласының полиция аға сержанты Асхат Ахатов қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Істің мән-жайы алда анықталатын болады. Полиция департаменті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады", – деді аймақтық полиция департаменті.

2024 жылдың наурыз айының басында қаза тапқан полиция қызметкері ізіне түскен қылмыскерден қызды құтқарып, пышақ жарақатын алған болатын. 


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: