Алматы әуежайында шетелден келіп жеткен сәлемдемеден есірткі табылды
Сурет: YouTube/ҚР ІІМ
Алматыдағы логистикалық компаниялардың бірінің филиалынан шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көлік полициясының қызметкерлері алыс шетелден келген күдікті пошта сәлемдемесін байқаған.
Тексеру кезінде оның ішінен салмағы 895 грамм каннабис сығындысы (гашиш майы) және салмағы 623 грамм тетрагидроканнабинол психотроптық заты бар екі банка табылды. Қала әуежайында пошта жөнелтілімін күткен шетелдік ұсталды.
Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript