Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ-нің жоғары оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру ережелері жаңартылды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, правонарушения, телефон полиции, полиция, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 11:53 Фото: primeminister.kz
Ішкі істер министрі 2024 жылғы 16 қазандағы бұйрықпен ҚР ІІМ әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ережелер жаңа редакцияда көрсетілген.

ІІМ білім беру ұйымдары жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауды:

  • ІІМ білім беру ұйымдарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесіне;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына;
  • академиялық күнтізбеге;
  • білім беру бағдардамаларына және жұмыс оқу жоспарларына;
  • пән және (немесе) модуль бойынша үлгілік және жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.

ІІМ білім беру ұйымдарындағы оқу процесі білім берудің мазмұнын таңдау, оқу процесін жоспарлау, оқу сабақтарын өткізудің әдістері мен түрлерін таңдау, білім алушылардың өзіндік жұмыстары, білім алушылардың оқу жетістіктерін ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау нысандары арқылы жүзеге асырылады.

Білім беру мазмұнының құрылымы МЖМБС талаптарына, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезендердің ұзақтығына, академиялық сабақтардың түрлеріне, оқу материалының көлеміне қойылған талаптарға сәйкес анықталады.

Білім беру бағдарламаларының құрылымы білім берудің мазмұнын анықтайтын, олардың қатысын, өлшемін және есебін көрсететін әртүрлі оқу жұмыстарынан қалыптасады.

Оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына, сондай-ақ ЖОЖ, академиялық күнтізбеге, сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

ЖОЖ-да әрбір оқу пәнінің және (немесе) кредиттердегі міндетті компонент пен жоғары оқу орны компонентінің модулінің тізбесі мен еңбек сыйымдылығы, оларды зерделеу тәртібі, оқу сабақтарының түрлері және бақылау нысандары айқындалады.

Оқу пәнін және (немесе) модульді бірнеше академиялық кезенде меңгеруі игеріледі. Пәнді және (немесе) модульді зерделеу аяқталған соң, білім алушылар емтихан нысанында қорытынды бақылау тапсырады. Егер пән ұзақтығы екі және одан көп академиялық кезеңнен тұрса, әр академиялық кезеңнің соңында емтихан нысанында аралық бақылау өткізіледі. Кәсіптік практикалардың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар) және магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары (тәжірибелік-зерттеу) қорғау арқылы бағаланады.

Қосымша оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыру, академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою, оқу пәндерін және (немесе) модульдерді зерделеу және студенттердің өз жоғары оқу орнында міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орындарында кредиттерді игеру, үлгерімнің орта балын (GPA) көтеру үшін ұзақтығы кемінде 4 аптаны құрайтын жазғы семестр (бітірушілер курсын қоспағанда) енгізіледі.

Оқу сабақтарының кестесінде әрбір курс, оның жекеленген ағындары мен оқу топтары үшін сабақ өтетін орындары, уақыты мен түрлері, сабақты өткізетін адамдар мен зерделенетін тақырыптар көрсетіледі.

Оқу сабақтарының кестесі оқу жоспары мен бағдарламаларға сәйкес келеді, негізгі педагогикалық талаптарға жауап береді, пәнді және (немесе) модульдерді зерделеудің әзірленетін құрылымдық-логикалық сызбаларын ескере отырып, дайындалады.

Оқу сабақтарының кестесіне өзгерістер оқу жұмысын бақылайтын ІІМ білім беру ұйымы бастығы орынбасарының рұқсатымен және дәйекті жазылған баянат (еркін нысандағы) негізінде енгізуге жол беріледі.

Білім беру бағдарламалары ОӘК және ПОӘК, пәндердің және (немесе) модульдердің жұмыс оқу бағдарламалары (силлабустар) негізінде жүзеге асырылады.

ПОӘК-ке өзгерістер мен толықтырулар енгізу парағы, пәннің және (немесе) модульдің үлгілік оқу бағдарламасы (міндетті компонент пәні үшін), пәннің және (немесе) модульдің жұмыс бағдарламасы (силлабус), пәнді және (немесе) модульді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы, дәрістердің тезистері, пәнді және (немесе) модульді зерделеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, бақылау, курстық жұмыстарды (жобаларды) және зертханалық практикумдарды (егер ол ЖОЖ көзделген болса), білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдарды, оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеуді, қолданылу мақсатын көрсете отырып мамандандырылған аудиториялардың, кабинеттердің, зертханалардың (егер олар болса) тізбесін қамтиды. 

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарында оқу процесі оқытудың ұзақтығы мен мазмұнын айқындайтын оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Оқу бағдарламаларын ІІМ білім беру ұйымдары дербес әзірлейді және ІІМ бейінді қызметтерімен және кадр бөлінісімен келісіледі.

ІІМ кадр бөлінісі аумақтық бөліністер үшін ІІМ әскери, арнаулы оқу орындары қызметкерлерінің біліктілігін артыру және қайта даярлау жөніндегі жоспар-кестені әзірлейді.

Жоспар-кесте аумақтық ішкі істер органдары өтінімдерінің негізінде қалыптастырылады.

ІІМ білім беру ұйымдарында оқу сабақтарының мынадай негізгі түрлері белгіленеді: дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар, оқу-жаттығулар, кәсіптік практиканың барлық түрлері. ІІО білім беру ұйымдарының шешімі бойынша енгізілетін оқу сабақтарының басқа да түрлері өткізіледі. 


ІІМ білім беру ұйымында мынадай негізгі есепке алу құжаттамасы жүргізіледі:

  • қорытынды бақылау ведомосі;
  • жиынтық қорытынды ведомосi;
  • кафедраның оқу сабақтарына өзара қатысуын есепке алу журналы, мұнда сабаққа қатысушы мен сабақты өткізушінің аты-жөні мен лауазымы, сабаққа қатысудың мақсаты мен мерзімі, пән атауы және тақырыбы, сабақты өткізу ұзақтығы, өткізу орны, сабақтың қысқаша сипаты көрсетіледі. Журналда сабаққа қатысу бойынша нәтижелер, сабаққа қатысушының алған оң тәжірибесі мен ерекше көзқарасы жазылады;
  • диплом бланкілерін есепке алу журналы;
  • транскрипт;
  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі немесе ІІО білім беру ұйымдарының шешімі бойынша басқа да құжаттама.

ІІМ білім беру ұйымдары оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстары, біліктілікті арттыру, практикамен байланыс, қызмет өткеру және басқа да жұмыс түрлері қамтылған әртүрлі жұмыстардың еңбек сыйымдылығына олардың күрделілігін ескере отырып, нормативтерді дербес белгілейді. Жұмыстардың жалпы көлемі оқу жылы бойы 1840 сағаттан аспауы тиіс. 

Бұйрық 2024 жылғы 4 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: