Қазақстанда техникалық байқау жүргізуге рұқсат беру жөніндегі уәкілетті орган анықталды
Фото: pexels
"Техникалық қарап-тексеру операторларының қызметіне екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті органды айқындау туралы" Үкіметтің қаулысы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Техникалық қарап-тексеру операторларының қызметіне екінші санаттағы рұқсаттар бергені үшін уәкілетті орган болып айқындалсын",- делінген құжатта.
Нақтыланғандай, жоба 2024 жылғы 3 қазанда қабылданған көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша "жол қозғалысы туралы" заң шеңберінде әзірленді.
Құжат 18 қазанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript