Елімізде қай мемлекеттік орган техникалық байқау операторларының жұмыс істеуіне рұқсат береді

Технический осмотр машины, автомобиля, техосмотр, ремонт машины, СТО, работники, плановое техническое обслуживание, поломка автомобиля , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2025 16:43 Фото: pexels
Үкімет техникалық байқау операторларының қызметіне екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті органды айқындау туралы 2024 жылғы 27 желтоқсандағы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта уәкілетте орган нақтыланды. 

"Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Техникалық байқау операторларының қызметіне екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті орган болып белгіленсін", — делінген мәтінде.

Қаулы 2025 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап Көлік министрлігіне жаңа функциялар қосылғандығы хабарланған болатын. Онда ведомство сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібі мен нысанын айқындауға және өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатын растауды жүзеге асыруға мүдделі болды. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: