Ақтөбе маңында жаяу жүргіншіні қағып, мерт еткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Полиция, іздеу жариялау, Ақтөбе, жол апаты, жаяу жүргінші, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2024 17:55 Сурет: Zakon.kz
​Ақтөбе облысының полиция департаменті Ақтөбе қаласында 2024 жылы 23 қазанда сағат 06.20 шамасында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеу шеңберінде куәгерлерді іздейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, "CHEVROLET COBALT" автокөлігінің жүргізушісі Құршасай ауылынан Ақтөбе қаласына қарай келе жатып, Жаңақоныс-3 тұрғын алабы ауданында жаяу жүргіншіге қаққан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. ​

"Осы жол-көлік оқиғасының куәгерлерінен 936-404, 936-408, 8-771-292-81-52 телефондарына хабарласуды немесе Ақтөбе қаласы Жұбановтар көшесі, 271 мекенжайы бойынша орналасқан Ақтөбе облысы ПД Анықтау басқармасының №404, 408 кабинеттеріне келуді сұраймыз", делінген хабарламада.

Бұған дейін Маңғыстауда көлігімен жарық бағанын соғып, оқиға орнынан қашқан ер адам 30 тәулікке қамалғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: