Алматы облысында балық шаруашылығы атын жамылып ірі есірткі плантациясы жұмысын дөңгелетіп жатқан

Есірткі плантациясы, Алматы облысы, балық шаруашылығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2024 18:49 Сурет: wikimedia
ҚР ІІМ ҰҚК және прокуратурамен бірлесіп, аса ірі мөлшерде каннабис өсірумен айналысқан жасырын есірткі зертханасын анықтып, көзін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ мәліметінше, балық шаруашылығының атын жамылған қылмыстық кәсіп Алматы облысының Байкен ауылында жүзеге асырылған.

"Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан құрамында есірткі бар өсімдіктердің бір жарым мыңнан астам бұтасы тәркіленді. Үш гектарлық заңсыз жылыжай ғимараттың жертөлесінде орналасқан, онда балық өндірілген.Тінту барысында 10 млн теңгеден астам ақша, жарықтандыру аспаптары, жылу шамдары, жылыту және желдету жүйелері, суаруға арналған заттар және есірткі өсіруге арналған басқа да жабдықтар тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", делінген ведомство ақпаратында.

18 адам құрықталды. Есірткі өнімдерін одан әрі жеткізу арнасы анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: