Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақы ит тұқымдарының стандарты толықтырылды

Тазы, казахская порода, собака , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2024 12:23 Фото: akorda.kz
Экология және табиғи ресурстар министрлігі қазақы ит тұқымдарының стандарттарына өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, стандартқа қосылды:

  • Шығу тегі — Қазақстан.
  • Мақсаты — малды, мүлікті және адамдарды сүйемелдеу және қорғау.
  • Халықаралық кинология лық федерация ның (FCI) жіктемесі — 2-топ. Пинчерлер мен шнауцерлер – молосстар -швейцариялық таулық және мал қорғайтын иттер. 2.2 бөлім. Молосс, таулық түрі. Жұмыс сынақтарымен.

Сонымен қатар қысқаша тарихи анықтамамен толықтырылды.

Тұқымның тарихы ежелгі дәуірден бастау алады және Еуразиялық дала кеңістігінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мәдениетінің қалыптасуымен байланысты мал бағатын бөрібасар иттерді пайдалану қажет болды.

Қазақы бөрібасар иттердің тұқымының қалыптасуы оларды пайдаланудың бірыңғай ауқымының қалыптасуымен байланысты екені анық, бұл қазақ тайпаларының қазіргі Қазақстан аумағындағы біртұтас халыққа бірігуінің және XV ғасырда Қазақ хандығының қалыптасуының нәтижесі болды. Қазақы бөрібасар иттердің сипаттамалары ұқсас және Орта Азия, Моңғолия, Кавказ және т. б. бөрібасар иттерімен туыстығы болуы мүмкін.

Соңғы бірнеше ғасыр қазақы бөрібасар тұқымы Төбеттің түпкілікті қалыптасуының уақыты болды.

Иттің дене бітімі тепе-тең, бойы орташадан жоғары және биік, сәл ұзартылған формат. Дене бітімінің түрі қатқыл (қаңқа, сіңір-байлам аппараты, терінің тығыздығы мен қалыңдығы, тері астындағы май жасұнығы (клетчаткасы) толық дәрежеде дамыған). Жыныстық түрі (диморфизм) көрнекті. Түпкілікті қалыптасу 3-4 жаста аяқталады. Жұмыс қабілетін ұзақ сақтайды. Бұлшықеттері күшті, серпімді, тығыз және құрылымы қатты, орташа салмақты және көлемді; бұлшықеттердің бедері қалың теріден және жеткілікті ұзын және қалың жүніне байланысты көрінбейді. Өте үлкен емес бұлшықет көлемі бұлшықет құрылымының тығыздығымен және сіңір–байлам аппаратының күшті дамуымен теңеледі.

Құжат 20 қарашаға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: