Қазақстанда құндылықтар иерархиясын анықтауға арналған әлеуметтік зерттеу жүргізілді
![Әлеуметтік сауалнама, құндылықтар, заң, зерттеу, Ерлан Қарин, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2025 20:21](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2025-01-29/file-154037a8-db1d-4435-afad-5ef207f04ef7/400x225.webp)
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қоғам арасында терең орныққан құндылықтардың иерархиясына арналған әлеуметтік зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Telegram-дағы арнасында жазды.
Сауалнама нәтижесіне сәйкес, "Заң және Тәртіп" қағидаты азаматтарымыз үшін аса маңызды саналатын жалпыұлттық құндылықтар қатарына енді ("Әділдік" – 84,1%, "Заң және Тәртіп" – 83,5%, "Еңбек" – 83,4%).
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде "Заң және Тәртіп" қағидатын одан әрі орнықтыру және құқықбұзушылықтың кез келген түріне "мүлдем төзбеушілік" ұстанымын қалыптастыру қажеттігіне баса назар аударғаны тегін емес. Айта кету керек, заң үстемдігінің қамтамасыз етілуі және оны бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі. Сондықтан әлемнің көптеген елінде тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуға деген қоғамдық сұраныстың өзектілігі артып келеді", делінген жазбада.
Айта кетсек, 2025 жылы 25 қаңтарда Астанада Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресінің форумы өтті. Оған мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз