Ақтау-Баку рейсіне билеті бар мас әйелді әуежайда полицейлер ұстап әкетті

Әуежай, Ақтау, Ақтау-Баку рейсі, мас әйел, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2025 20:09 Сурет: akorda.kz
Оқыс оқиға Ақтау қаласының әуежайында ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде болған. 49 жастағы қала тұрғыны масаң күйінде болып, әуежайдың тексеру қызметінің инспекторын балағаттап, ескертулерге құлақ аспаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері құқықбұзушыны ұстап, оған қатысты алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік хаттама толтырды. Сөйтіп ол рейске жіберілмеді.


"Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", делінген полиция хабарламасында.

Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері 53-ке жуық ұсақ бұзақылық фактілерінің жолын кесті. Бұл деректердің барлығында құқықбұзушылар заңға немқұрайлы қарап, қоғамдық тәртіп пен басқа азаматтардың тыныштығын бұзған. Түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейстерінен 54 жолаушы түсірілді, оның ішінде 31-і қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: